АКУШЕРЛІК ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ ПРАКТИКАҒА БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
Journal Title: Вестник Алматинского института усовершенствования врачей - Year 2017, Vol 0, Issue 4
Abstract
Осы жұмыста акушерлік-гинекологиялық практикадағы оқытудың белсенді әдістерін қарау ұсынылған, осы тақырып бойынша патенттік іздеу жүргізілді. Жұмыстың мақсаты: соңғы 10 жылдағы ғылыми әдебиеттердің деректері бойынша акушерлік - гинекологиялық практикада оқытудың белсенді әдістерін пайдалануды талдау. Материалдар және зерттеу әдістері: түйінді сөздермен бірге берілген тақырыпқа сұрау салуы бойынша: оқытудың заманауи белсенді әдістері, симуляторлар, қол жетімді әдебиеттердегі акушерлік - гинекология және халықаралық деректерді пайдалана отырып, 95 мақала табып, талданды, оның ішінде 7 ірі рандомизирленген бақыланатын зерттеулер, 5 жүйелі шолу және 1 мета талдау. Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау: мамандар даярлаудың, атап айтқанда, интерактивті компьютерлік тренажерлардың тиімділігін ұлғайту үшін қолданбалы компьютерлік технологиялардың барған сайын мәні арта түсуде. Инновациялық виртуалды тренажерлар тек хирургиялық аспаптардың шынайы түрін ғана емес, көптеген құрсақішілік органдардың икемді қасиеттерін, адам денесі қуыстарының жұқа текстуралық ерекшеліктерін моделдей отырып, ірі тамырларды, операция нысандарын ұқсатуға қабілетті. Хирургты өз бетінше лапароскопиялық араласуларды орындауға жібермес бұрын, ол симуляторда жұмыс жасаудың практикалық дағдыларын жетік білуі және алған деңгейін(сертификаттау) растауы тіис. Осылайша, акушер - гинеколог дәрігерді оқытудың заманғы тәсілдерін талдау нәтижелері бойынша мынадай қорытынды жасауға болады: 1. Практикалық дағдыларға оқытудың оңтайлы формасы топтық жұмыс дағдыларын бір мезгілде қалыптастыру және дәрігерлік қателіктерді қысқарту үшін акушерлік - гинекологиялық көмек көрсету көрсету кезінде әр түрлі мамандықтар бойынша білім алушылардың өзара іс-қимылымен фантомдық немесе пәнаралық симуляциялық орталықтардағы сабақтар болып табылады. 2. Медициналық білім беруде оқытудың белсенді әдістерін қолдану нақты және жылдам шешім қабылдауды арттырады, топтық жұмысты жақсартады; жоғары коммуникативтік дағдыларды дамытады; теориялық алған білімді практикалық дағдыларға ауыстырады, өмір бойы өзін-өзі жетілдіру үшін ойлау қабілетін жетілдіреді.
Authors and Affiliations
Ж. К. АХМЕТОВА, Д. А. ОСПАНОВА, Ш. К. САРМУЛДАЕВА, М. В. ЛАКТИОНОВА
RESULTS OF TOOTH REMINERALIZATION THERAPY WITH THE USE OF DOMESTIC DENTIFRICE "REMIN" IN CHILDREN OF PRESCHOOL AGE
Hypoplasia of the teeth and poor hygiene of the oral cavity in preschool children with somatic pathology resulted in the growth of dental caries (in 70% of cases) andother diseases of periodontal tissues (in 29.6 % cases...
ПРЕИМУЩЕСТВА ЦИФРОВОЙ РЕНТГЕНОДИАГНОСТИКИ В ГИНЕКОЛОГИЧЕСКОЙ ПАТОЛОГИИ
Представлены результаты оценки гистеросальпингографии, используемой в клинике. Цифровая рентген-диагностика в гинекологии открывает широкие возможности для своевременного лечения пациенток, улучшения качества жизни.
РОЛЬ ДИСБАЛАНСА ВЕГЕТАТИВНОЙ НЕРВНОЙ СИСТЕМЫ В РАЗВИТИИ ХРОНИЧЕСКОЙ БОЛЕЗНИ ПОЧЕК У КАРДИОЛОГИЧЕСКИХ ПАЦИЕНТОВ НА ФОНЕ МЕТАБОЛИЧЕСКОГО СИНДРОМА
Выполнена оценка присутствия дисбаланса вегетативной нервной системы у кардиологических пациентов с метаболическим синдромом и его значения в развитии хронической болезни почек. Проведен ретроспективный анализ историй бо...
КЛИНИЧЕСКИЙ СЛУЧАЙ ОСТРОГО МЕНИНГО ЭНЦЕФАЛОМИЕЛИТА ВИРУСНОЙ ЭТОЛОГИИ
Приведен редкий клинический случай острого менингоэнцефаломиелита - вирусной (возможно, цито-мегаловирусной) этиологии у ребенка, который был переведен из детской городской клинической инфекционной больницы № 1 в отделен...
КЛИНИЧЕСКАЯ ЭФФЕКТИВНОСТЬ ФИЗИОТЕРАПЕВТИЧЕСКОГО И БАЛЬНЕОЛОГИЧЕСКОГО ЛЕЧЕНИЯ В РЕСПУБЛИКАНСКОМ КЛИНИЧЕСКОМ ГОСПИТАЛЕ ИНВАЛИДОВ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЫ
В комплексе реабилитационных мероприятий у особой категории пациентов применение физиотерапевтического и бальнеологического методов лечения в комбинации определенных схем позволило определить эффективность данной методик...